Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?

Алматыда бейнебақылау камераларының санын 5 мыңға жеткізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Былтыр Алматыда бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық қылмыстың беті ашылған. Сондай-ақ жол жүру ережесін бұзғандарға қатысты 300 мың дерек тіркеліпті. 

Бүгінде Алматы қаласының тәртіп сақшылары 150 мыңға жуық бейнебақылау камерасының мүмкіндігін пайдаланып келеді. Бағаналарға орналастырылған құрылғылар өз аумағындағы ұсақ бұзақылықтан бастап, ауыр қылмысқа қатысы бар деректердің барлығын жүйеге тіркейді. Қазірдің өзінде қаладағы 45 мың камера жедел басқару орталығында бақыланады.

«102 операторына бір тәулікте 2700-ден аса әртүрлі шақырту түседі. Бейнебақылау камералары алдында инспекторлар отырады. Тәулік бойы әртүрлі қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар болады. Соны осы бейнебақылаулар арқылы қараймыз, ізін суытпай ашамыз», — деді Жедел басқару орталығының аға инспекторы Жанболат Кенжеғұлов.

Маманның айтуынша, күніне кем дегенде іздеуде жүрген 5 адам дәл осы құрылғылардың көмегімен анықталады екен. Оған жақында ғана енгізілген жаңашылдық әсер еткен.

«Былтыр қазанда Алматы қаласындағы 2500 бейнекамераға жаңа функция енгізілді. Бұл бетті анықтау функциясы іздеуде жүрген қылмыскерлерді, із-түзсіз жоғалған адамдарды табуға көмектеседі. Адамдардың көп шоғырланатын жерлерінде орнатылған бейнекамераларға сондай жаңа функция қосылды», — деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал енді бір айдың ішінде дәл осындай жүйе енгізілген бейнебақылау камераларының санын 5000-ға жеткізу жоспарланыпты. 

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...