Алматыда балалар арасында коронавирус жұқтыру көбейген

Алматыда мектеп жасына дейінгі балалар мен қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің өсуі байқалады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта тұр.

«Өткен тәулікте қалада ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 341 науқас анықталды. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтыру үш есе және қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында төрт есе өскені байқалады. Ата-анаға алдын алу шараларының маңыздылығы туралы баламен түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылады», — деді әкімдік өкілдері.

65 жастан асқан және созылмалы аурумен ауыратын адамдарға коронавирус инфекциясын жұқтыру әлі де қауіпті. Оларға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес беріледі.

«Сондай-ақ, 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында инфекция жұқтыру дерегі өскені байқалды. Қоғамдық мекемелерден басқа, жеке секторда адамдар көп жиналады. Отбасылық іс-шараларға, үйлену тойларына, еске алу жиындарында болған адамдар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы әлі де тіркеліп жатыр», — деп толықтырды әкімдік өкілдері.

Мониторингтік топтар бизнес нысандарындағы заңбұзушылықты анықтап жатыр. Аудан әкімдіктері жанындағы мониторингтік топ басшылары ұсынған материалдар бойынша 21-24 наурыз аралығында 92 рейд жүргізілді, 1080 нысан, оның ішінде 233-нен белгіленген жұмыс режимі бұзылғаны анықталды және эпидемияға қарсы талаптар сақталмаған. Сонымен қатар, 29 заңбұзушылық 24-25 наурыз аралығында анықталды. 233 кәсіпкер нысанына айыппұл салынады. Карантин шараларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 772 хаттама толтырылды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...