Алматыда бағдаршамның сары түсіне өткен көліктерге «Сергек» арқылы айыппұл салына ма?

Алматыда бағдаршамның сары түсіне өткен жүргізушілер «Сергек» камералары арқылы тіркеліп, айыппұл салына ма? Полиция пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшінің сауалына берген жауапқа сүйенсек, бұл заңбұзушылық Алматыдағы «Сергек» камерасына тіркелмейді. Алайда, оны полиция қызметкерлері байқаса, айыппұл салуы мүмкін.

«Қазір Алматыда «Сергек» желісінде бағдаршамның сары түсіне өту тіркелмейді, алайда бұл пилоттық жоба аясында жақын арада енгізілуі мүмкін. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережесінің 5-тарауы 24-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары түсі қозғалысқа тыйым салатынын естеріңізге саламыз. Сондықтан, бұл құқық бұзушылық полицейлердің назарына іліксе, жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын түсіне өткені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — деп түсіндірді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы көшелеріндегі «Сергек» автоматтандырылған кешенінде келесі заңбұзушылықтар тіркеледі:

  • жылдамдықты асыру;
  • тұтас сызықты кесіп өту;
  • қосарланған тұтас сызықты кесіп, кері айналу;
  • белгіленбеген жерде тұру/тоқтау;
  • бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту.

Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында қауіпсіздік белдіктерін тақпау және жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерді өткізбеу тіркеледі.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.