12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда автобусқа маскасыз кірген жолаушылар салоннан шығарылады

Алматыда қоғамдық көліктерде маска тағу режимін бақылау күшейтілді. Ал автобус жүргізушілеріне жолаушыларды маскасыз салонға кіргізбеу немесе оларды түсіріп кету тапсырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін басқарма қызметкерлері қоғамдық көліктерде рейд жүргізіп, тек ескерту жасай алатын. Қазір мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы.

«Автобустар мен метрода маска тағу қажеттілігі туралы ақпараттық аудиохабарлама жасалады. Жүргізушілерге жұмыс уақытында міндетті түрде маска тағу, маскасыз жолаушыларды салонған кіргізбеу және қажет болған жағдайда түсіріп кету туралы тапсырма берілді. Көлік холдингі қызметкерлері де карантин кезінде санитарлық нормаларды бұзушыларға ескерту жасап, автобустан түсіру туралы тапсырма алды»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалада жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылады. Жолаушылар ағымына қарай жүктемесі жоғары 28 бағыт бойынша қосымша автобустар шығарылып, жүру интервалы қайта қарастырылған. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жасалады.

Реконструкция канала протяженностью 15 км началась в Туркестанской области

Туркестанский филиал РГП «Казводхоз» проводит реконструкцию канала К-17 в...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі зор

Азаматтық істерді қарайтын соттардың жүктемесі жыл сайын өсіп көбеюде....

Сот процесіндегі тәртіп ортақ

Сот – ақ пен қара анықталатын, екі тараптың дауына...

Сот корпусын сапалы кадрлармен толықтыру өзекті

«Кадр бәрін шешеді» деген қанатты сөз қай кезде де...