Алматыда қатерлі ісікті тегін анықтайтын шара өтеді

4-8 сәуір аралығында Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулық апталығы шеңберінде 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша онкологтарды тегін қабылдау жүргізеді.

Консультациялық қабылдау уақыты-14.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта жүзеге асырылады.

«МСАК ұйымдарының онкологтары «Жасыл дәліз» бойынша жұмыс сағаттарында тексеру кабинетінде немесе жалпы практика дәрігерінің қабылдауында анықталған онкопатологияға күдікті пациенттерді қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

Сондай-ақ, кез-келген күні емханаларда МӘМС шеңберінде әрбір жасы келген адам келесі тегін онкоскринингтерден өте алады:

1. колоректальды қатерлі ісік ауруына (50-70 жасындағы ерлер мен әйелдер);

2. Сүт безі обырына скрининг (40-70 жасындағы әйелдер)

3. Жатыр мойны обырына скрининг (30-70 жасындағы әйелдер).

«Резиновые квартиры», «трезвые села» и «умные камеры»

Жителям Восточного Казахстана февраль запомнился серией интересных, разнообразных и...

Концепция «Таза Қазақстан» в действии 

В Министерстве экологии и природных ресурсов РК подвели итоги...

Новый этап антикоррупционной политики

В МАРТЕ 2026 ГОДА РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН СДЕЛАЛА ВАЖНЫЙ ШАГ...

Исторический выбор

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РЕЗУЛЬТАТАМИ ЭКЗИТ-ПОЛЛА, ПРОВЕДЕННОГО...

«ЕРТЕГІСІЗ ӨСКЕН БАЛА – РУХАНИ МҮГЕДЕК»

ҚАЗІР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ƏЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТУЫНДЫЛАР ЖЕТЕРЛІК. «ГАРРИ ПОТТЕР»...