Алматыда қараусыз қалған кинотеатрда ретроавтобильдер музейі ашылмақ

Алматыдағы қараусыз қалған кинотеатрлардың бірінде ретроавтомобильдер музейін ашу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, бұл Түрксіб ауданында орналасқан кеңес заманындағы әйгілі «Шұғыла» балалар кинотеатры. Оның ғимаратын 2019 жылы жеке инвестор сатып алған екен. Енді ол мұнда музей ғана емес, балаларға арналған балмұздақ кафесін, сондай-ақ кинозалдар ашуға ниетті.

«2000-жылдардың басына дейін кинотеатр «Отау Синема» желісіне кірген. Содан кейін ол қараусыз қалды, 2001 жылдан бастап жеке қолда. Содан бері бес қожайын ауысты, олардың соңғысы 2019 жылы келді. Бұл компания қазір ғимаратты қайта құру үшін техникалық шарттарға құжаттар тапсырды. Олар үлкен ретроавтомобильдер музейін ашуды, сонымен қатар кинотеатрдың өзін сақтап, балалар балмұздақ кафесін ашуды жоспарлап отыр.

Ғимарат иесінің өзі осы кинотеатрдың маңында, бала кезінен ондағы балмұздақ кафесіне барып өскен. Ол ғимаратты сол стильде қалпына келтіріп, барлығын ретро стилінде әсемдеп, заманауи кинотеатрмен жабдықтағысы келеді», — деп хабарлады Түрксіб ауданы әкімдігінің қызметкері Алматы Қоғамдық кеңесінің отырысында.

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...

V СЪЕЗД СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НА ПЯТОМ СЪЕЗДЕ СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН, КОТОРЫЙ СОСТОЯЛСЯ 18...

Кому положена поддержка

С 1 ЯНВАРЯ 2027 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ИЗМЕНИТСЯ ПОРЯДОК...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...