Алматыда қалың қар салдарынан 70 жол апаты болған

Алматыда қалың қар салдарынан түнгі сағат үштен бері 70 жол апаты болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жол апаттарынан 6 адам зардап шеккен.

Осыған байланысты ведомство өкілдері жүргізушілерден абай болуды сұрайды.

«Жауын-шашынның көп болуы қаладағы қозғалысты қиындататыны түсінікті — кептеліс болды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбіне бұған кей жүргізушінің төмен тәртібі себеп: кей жүргізуші жылдамдықты төмендетпей, апат жағдайына себеп болады, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметсіздік танытады, оған қоса, жүргізушілер рұқсат етілмеген жерлерде жолдан өтеді», — деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...