12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда алдағы мерекелерге орай қандай қаржылай көмек беріледі?

Алматылықтарға қандай мерекеде қаржылай көмек берілетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, қаланың кей тұрғынына Жеңіс күні мен Тәуелсіздік күнінде қаржылай көмек беріледі. Соның ішінде 9 мамыр — Жеңіс күніне орай көмек көрсетілетін тұрғындар:

  • Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (олардың мәртебесі «Ардагерлер туралы» заңда белгіленеді) — 500 мың теңге;
  • ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге — 100 мың теңге;
  • Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне беріледі. Бұл жағдайда қайтадан отбасы құрмаған әйелдер жесір деп саналады. Оларға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді;
  • Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғысқа қатысқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жесірлеріне 100 мың теңге.

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаcына қатысып, кейін ақталғандарға төлем жасалады. Оларға 150 мың теңге көлемінде көмек беріледі.

Сондай-ақ, мынадай мерекелер қарсаңында 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған:

  • Жаңа жыл — 1-2 қаңтар;
  • 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні;
  • Наурыз мейрамы — 21-23 наурыз;
  • 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
  • Астана күні — 6 шілде;
  • Конституция күні — 30 тамыз;
  • Қазақстанның Тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсан.

Бұл көмек тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы отбасыларға ғана көрсетілетіні айтылды. Бөлінетін сома тұрғын үй сатып алуға арналған. Сондықтан «Отбасы банкінің» шотына аударады.

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.