АЛМАТЫДА 50 АРДАГЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері Халықаралық Қарттар күнінде ерекше ілтипатқа ие болды.
Қылмыстық-атқару саласының қиын да күрделі қызметінде тәжірибе жинақтап, шыңдалған бүгінгі ардагерлердің жас мамандарға берер тәлімі мен тәрбиесі баға жетпес бағдар екені даусыз. Осы орайда аға буын өкілдері өздерінің қызметтік жолдарындағы жетістіктерімен бөлісіп, Департаменттің жеке құрамына адал да абыройлы қызмет атқаруды өсиеттеді.
Қарттар күніне арналған салтанатты жиында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев құттықтау сөз сөйлеп, 50 ардагерге сый-сияпат табыстады.
Мерейлі мереке ардагерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көптен көріспеген қарттар мерекелік дастарханда бас қосып, әңгіме-дүкен құрды.

Заң үстемдігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты кепілі

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында заң үстемдігін қамтамасыз ету және...

Ортақ мүлікті бөлу бойынша қаралатын азаматтық істерде туындайтың сұрақтар

Бірлескен меншікті бөлуге байланысты даулар дәстүрлі түрде Қазақстанның азаматтық...

Әділдік тілі — мемлекеттік тіл

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның сот жүйесі түбегейлі жаңғырып, құқықтық мемлекет...

Әділдік тілі — мемлекеттік тіл

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның сот жүйесі түбегейлі жаңғырып, құқықтық мемлекет...