Алматыда 10 жастағы бала велосипедтен құлаған соң сал болып қалған

Алматыдағы көп балалы отбасының мүшесі 10 жастағы Қаулы Жұмағазы велосипедтен құлап, оң жақ денесі сал боп қалған. Отбасы ұлдарының еміне қаражат керек деп дабыл қағып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме беріп хабарлайды.

10 жасар Каулы мамыр айының соңында велосипедті басқара алмай, үлкен жылдамдықпен шам бағанасына соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, бала бас сүйегінің төбесіне зақым алған. Ауруханада оған тігіс салынып, үйіне қайтарылған. Көп ұзамай оның жағдайы күрт нашарлаған. 

«8 күннен кейін оның тігісін алып тастады. Ауруханаға бірнеше рет келдік, жағдайы нашарлаған соң. Дәрігерлер бәрі жақсы болады, тек уақыт керек деп сендірді. Бірақ тағы бір аптадан кейін балам адам танымастай өзгерді. Сөйлей алмай қалды, бір қолы-аяғы сал болып қалды», – деді баланың әкесі Жұмағазы Баратбай.

Ата-аналар бірден дабыл қағып, сараптамаға баруды ұйғарды. Алайда дәрігерлер диагноз қоя алмапты. Баланың басында қан ұйып қалған не қан тамырлары жарылған деген күдік бар. Бірақ нақтылау үшін жоғары білікті мамандарға жүгіну керек. Оған сәйкесінше қомақты қаражат қажет.

«Ұлыма жақсы невропатолог керек. Басында ісік бар ма, әлде миына қан құйылған шығар, білмеймін. Алматыдағы немесе астанадағы жақсы ауруханаға жатқанын қалаймын», – дейді Жұмағазы Баратбай. 

Жұмағазы отбасында Қауладан бөлек кәмелетке толмаған тағы үш бала тәрбиеленуде. Олар Қытайдан Алматыға 3 жыл бұрын көшіп келген. Көп балалы отбасының жеке баспанаға қаражаты жоқ, жалғыз асыраушылары әкелері құрылыста жұмыс істейді. Шетелде емделу үшін жоқ дегенде шамамен он миллион теңге қажет. Қауланың ата-анасы қайырымды жандардың көмегімен бұл соманы жинаймыз деп үміттеніп отыр. 

Научный журнал ЕНУ вошел в международную базу данных

Научный журнал Turkic Studies Journal, издаваемый Евразийским национальным университетом...

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Гаагадағы жаһандық форумында дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

 Қазақстанның форумға алғашқы қатысуы ЮНЕСКО-мен және еуропалық серіктестермен ынтымақтастық...

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом...

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және...

ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне...