Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясының жаңа заманауи күрес спорт кешені ашылды

Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясының жаңа заманауи күрес спорт кешені ашылды. Академияның өз қаражатына салынған бұл нысан оқу орнының спорт инфрақұрылымын айтарлықтай кеңейтіп, болашақ балуандарының кәсіби дайындығын күшейтуді мақсат етеді.

 Жаңа кешеннің жалпы аумағы – мың шаршы метр. Кең әрі жарық залда төрт бозкілем қатар орналасқан, Қазақ күресі, еркін және грек-рим күресі, дзюдо мен самбо спорт түрлерін толыққанды дамытуға қажетті барлық жағдай жасалған. Бір ауысымда 700-ге жуық спортшы жаттыға алады. Бұған дейін Академияда бір ғана бозкілем орналасқан шағын зал жұмыс істеген еді.

Ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Париж Олимпиадасының жүлдегері Демеу Жадыраев және Паралимпиада ойындарының жүлдегері Зарина Райфова қатысты. Шара  барысында  спортшылар жас балуандарға шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақ спорт және туризм академиясы — қазақ күрес мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан оқу орны. Мұнда әр жылдары Олимпиада және әлем чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Валерий Резанцев, Анатолий Колесов және Юрий Мельниченко секілді талай танымал балуандар тәрбиеленді. Олардың жолын бүгінде Дәулет Тұрлыханов, Асхат Жіткеев, Нұрбақыт Теңізбаев, Ғұсман Қырғызбаев, Демеу Жадыраев және Паралимпиада жүлдегері Зарина Райфова жалғастырып келеді.

Академияда жаңа күрес базасының ашылуы — оқу орнының спорттық бағыттағы мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, жас спортшылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Күрес залы ашылғаннан кейін Академияның негізгі ғимаратында Орталық Азия елдерінің Студенттік спорт федерациясының құрылтай конференциясы өтті. Жиынға Орталық Азия мемлекеттері – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның спорт өкілдері қатысып, Түрікменстан мен Моңғолияның делегаттары онлайн форматта қосылды.

Пленарлық отырыс «Студенттік спорттың өңірлік ынтымақтастықты дамыту мен жастар әлеуетін нығайтудағы рөлі» тақырыбында өтті. Жиында студенттік спортты дамыту, халықаралық әріптестік орнату және аймақтық ынтымақтастықты күшейтуге қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Шара қорытындысында Орталық Азия студенттік спорт федерациясының құрылтай құжаттарына қол қойылды. Қайрат Закирьянов Орталық Азия студенттік спорт федерациясының Президенті болып сайланды.

Студенттік спорт — денсаулықты нығайтатын, тәрбие беретін әрі көшбасшылық қасиетті қалыптастыратын маңызды бағыт. Студенттік спортты дамыту жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, олардың әлеуетін көтереді. Сонымен қатар, халықаралық әріптестікті күшейтіп, елдер арасындағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...

КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ АЙНАСЫ

2026 жылғы 1 шілде Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында жаңа кезеңнің...

РОЛЬ СУДА ПО ДЕЛАМ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В ЗАЩИТЕ ПРАВ ДЕТЕЙ

Защита прав и законных интересов несовершеннолетних является одной из...