12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА НЕЛЬСОН МАНДЕЛА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті № 72 мекемесіндегі шаруашылық жасағындағы сотталғандар арасында Нельсон Мандела Халықаралық күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сотталғандарды мекеменің Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет майоры К.Тұрлыбеков Нельсон Манделаның өмірімен таныстырды.
Өз заманында қара нәсілділер арасында жоғары білім алушылардың сирек кездесетініне қарамастан Нельсон Мандела заңгер мамандығы бойынша бірнеше университет бітірген. Саясатпен дендеп айналысқан ол Африка Ұлттық Конгресі Жастар лигасының президенті бола жүріп өз халқының бостандығы үшін күресін тоқтатқан емес. Саяси көзқарасы үшін ұзақ жылдар түрмеде отырған ол әлемге әйгілі болу дәрежесіне жете білді. 80-ші жылдардың ортасында үкімет Манделамен ортақ тіл табысу мақсатында апартеидке қарсы күрестен бас тартса бостандыққа шығаратындарын айтып, ұсыныс жасады. Бірақ, Мандела бұл ұсыныстан бас тартады. Керісінше ол бостандыққа шыққан соң да күрес жолынан тайған жоқ. Қайсарлығы мен әділдігінің арқасында 1994 жылы Оңтүстік Арика республикасының тарихында тұңғыш рет өткен демократиялық сайлаудың нәтижесінде 62 пайыз дауыспен ел президенті болып сайланады. Ел тізгінін ұстаған 5 жылдың ішінде ол балалар мен ауыр аяқ әйелдерге тегін медиициналық қызмет көрсетуге, 14 жасқа дейінгі балаларға тегін білім беруге, жәрдемақы төлеу теңдігіне, ауыл тұрғындарына берілетін дотацияны көбейтуге, жер туралы және еңбек қатынастары туралы заң шығаруға қол жеткізеді.
Сонымен қатар өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген Нельсон Мандела туралы деректі фильм көрсетіліп, фильмнен соң сотталғандар теннис ойнады.

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...