Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы талқыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (ВАЖТ) көшпелі отырыс өткізді.

Жиында автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет сапасы, азаматтардың шағымдары және оларды шешу жолдары талқыланды. Отырысқа Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басқарма басшысы Мақсат Жанбыршиев, жұмыс тобының төрағасы, департамент басшысының орынбасары Нұржан Узбеханов және және ВАЖТ мүшелері қатысты.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы ұсынған ақпарат қаралып, қызмет көрсету кезінде туындайтын бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Атап айтқанда, жүргізуші куәлігін алу кезінде азаматтардың ұзақ кезекте тұруы, емтихан процесінің жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы және қызмет көрсету тәртібіне қатысты шағымдардың жиі түсетіні туралы мәселелер сөз болды. 

Жұмыс тобының қорытындысы бойынша теориялық емтихан тапсыратын компьютерлер санын көбейту, қосымша оқу сыныптарын ашу және практикалық емтиханға жазылудың тиімді жүйесін енгізу секілді бірнеше ұсыныс қабылданды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселесі де назардан тыс қалмады. Мәселен, мамандандырылған ХҚКО №4 бөлімінде анықталған кемшіліктерді жою және мүгедектігі бар азаматтарға қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қарастыру қажет екені айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша ВАЖТ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, теориялық емтихан тапсыратын компьютерлер санын арттыру, мамандандырылған ХҚКО-ларда медициналық тексеру мекемелерінің санын көбейту мүмкіндігін қарастыру жөнінде нақты ұсыныстар берді.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...

Без изоляции от общества 

Учреждения уголовно-исполнительной системы Восточно-Казахстанской области – структура не закрытая...