Алматыдағы крематорий ресми түрде жұмысын бастайды

Алматы қаласындағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық экономика министрлігінің «Жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына» өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелді.

Қабылданған өзгерістер Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып отыр. Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіпте қызметін бастайды, – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Алматы патологоанатомиялық бюросының бақылау кеңесі кремация қызметтерінің тарифтік кестесін бекіту жұмыстарын жүргізуде. Қызмет көрсету тәртібі мен баға туралы ақпарат бюроның ресми сайтында қосымша жарияланатын болады.

Айта кетейік, 2020 жылы Алматы әкімдігі крематорийдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге тендер жариялаған. Ғимарат құрылысы 2021 жылы аяқталғанымен, 2022–2023 жылдары оның ашылуы бірнеше рет кейінге шегерілді. 2024-2025 жылдары нысанды балансына алатын жауапты ведомство анықталмағандықтан, ғимарат пайдалануға берілмей келді.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.