Алматыдағы демалыс орталықтарында жастардың дарыны ашылуда

Медеу ауданындағы «ONE» демалыс орталығында тәрбиеленушілердің қатысуымен әсерлі мерекелік кеш өтті. Іс-шараға 35 жас қатысып, заманауи би бағыттарында өз өнерлерін ортаға салды. Хип-хоп, брейк-данс, поппинг және локинг сынды бағыттарда орындалған нөмірлер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш барысында қатысушылардың әрқайсысы тек би шеберлігін ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс пен шығармашылық әлеуетін көрсетті.

«Біздің топ ұзақ дайындалды. Сахнада бар күшімізді салып, жақсы өнер көрсетуге тырыстық. Осындай сахнаға шығуға мүмкіндік берген ұстаздарымызға мың алғыс», – дейді тәрбиеленуші Арман Садуақасов.

Кеш соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды. Бұл шара жастардың өзін-өзі дамытуына серпін беріп, достық пен шабыт алаңына айналды.

Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен 100-ден астам демалыс орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жастар шығармашылықпен айналысып, түрлі үйірмелерге тегін қатысып, бос уақыттарын мазмұнды өткізуге мүмкіндік алуда.

Мендыбай ага отправился в путь к новому Курултаю: начато испытание длиною в более чем тысячу километров

10 августа известный казахстанский ультрамарафонец Мендыбай Алимгазинов вместе с...

Меңдібай аға жаңа Құрылтайға жол тартты: ұзындығы мың шақырымнан асатын сынақ басталды

10 тамызда танымал қазақстандық ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге...

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы, философ...