Алматыдағы балалар колониясында ЖИТС инфекциясы туралы іс шара өткізілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде 1 желтоқсан –Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ЖИТС инфекциясының таралу жолдары мен одан қалай сақтану туралы дәрістер және іс-шара өткізілді. Мұндай маңызды іс-шараны №11 мекемеде кең ауқымда ұйымдастырылып «Отбасылық дәрігер» қоғамдық қор жетекшісі Аменова Жібек Қангелдиевна басшылығымен іс шараға  «Қамқорлық ТN-2018» қоғамдық қорының жетекшісі Әбділов Мадияр Есенгелдіұлы және «Ревнш» қорының жетекшісі Белоконь Елена және Қазақстан Рестораторлар Клубы Қауымдастығының басшысы Гүлнара Нұрғанатқызы Катибаева, «Европолис Мейрамханасының» өкілі Марат Жанболат Еранұлы «Дүнген республикалық этномәдени орталығы» РҚБ төрағасының орынбасары, Алматы қаласы дүнген мәдени орталығының Аналар кеңесінің төрағасы Римма Рамазанқызы Масырова  қатысты.

 Олар аталған аурудың таралуына себеп болатын нашақорлық туралы айтып, сотталғандарға қан арқылы берілетін инфекциялық аурулар туралы дәріс оқып, толық ақпаратпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар өздерімен алып келген сыйлықтарын барлық жазасын өтеуші жасөспірімдерге үлестірді. Ал жазасын өтеуші жасөпірімдер ЖИТС тақырыбына арнап салған қабырға газеттерін қорғап, сурет мазмұнын жан-жақты түсіндіріп берді. Іс шара соңында келген қонақтар сурет байқауында жақсы өнер көрсетіп, 1-2-3 орын алған жазасын өтеуші жасөспірімдерді арнайы сыйлықтармен марапаттады. Іс шара соңында «Европолис Мейрамханасының» өкілі Марат Жанболат Ерланұлы  балаларға арнайы пицца және тәтті сусындармен, жеміс-жидектерден дәм татқызды. Осы іс шараны кең ауқымда ұйымдастырған №11 мекеме бастығының атынан,эпидемиолог-дәрігер дәрігер  Таласбаев Сейілхан Темірханович келген қонақтарға алғыс білдірді.  

                                                         №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...