Алматыдағы балалар колониясынан рақымшылық бойынша алғашқы жасөспірім бостандыққа шықты

Жуырда 16 жасар Жансұлтан “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қолдану аясында бостандыққа шықты.
Жасөспірім Жансұлтанның ата-анасы ажырасып, ол інілерімен бірге көзі көрмейтін әжесінің қолында қалады. Бала көңіл өзінің құрдастары сияқты жақсы киініп, жақсы тамақ ішуді аңсайтын. Алайда әжесінің зейнетақысы оның бұл арманын орындауға жетпейтін еді. Ақыры оң-солын толық танып үлгермеген 14 жасар ол ұрлық жасап, Алматыдағы кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемесінен бірақ шыққан еді. Жансұлтан балалар колониясында жүріп мекеме ішіндегі орта мектепте оқыды, сондай-ақ мекеме ішіндегі түрлі тәрбиелік іс -шараларға белсенді қатысқаны және жақсы мінез-құлқы үшін марапаттарға ие болды.
1 жыл 3 айдан кейін рақымшылыққа іліккен жасөспірімді мекеме қызметкерлері заңда қарастырылғандай жолақысын төлеп Маңғыстау облысындағы тұрғылықты жеріне өздері алып кетті.
Бостандыққа шыққан Жансұлтан темір торда жүріп еркіндіктің қадірін түсінгенін және болашақта дұрыс өмір сүретінін айтып, өзіне тәлімді тәрбие берген, жарқын өмірге жол сілтеген мекеме қызметкерлері мен ұстаздарына алғысын тебірене жеткізді.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...