«Алматы жылу жүйелері» тұтынушыларға 49,4 млн теңге қайтарады

«Алматы жылу жүйелері» ЖШС тұтынушыларға артық есептелген 49,4 млн теңгесін қайтарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарлауынша, ведомствоның Алматы қаласы бойынша департаменті сыртқы ауаның нақты температурасын ескеріп, 2020-2021 жылдардағы жылумен жабдықтаудың құнын қайта есептеп, 49,4 млн теңге мөлшерінде артық соманы шығарған. Алайда, қалаға қызмет көрсететін «Алматы жылу жүйелері» ЖШС мұнымен келіспеген, керісінше тұтынушыларға шамамен 5 млн теңге көлемінде қосымша есептеу қажет екенін хабарлады.

«Департамент Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-ын өз міндетін орындауға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен жүгінді. Биылғы 26 қаңтардағы сот шешімімен талап-арыз толық қанағаттандырылды. Сонымен қатар ЖШС осы сот шешіміне аппеляция берді. Бірақ Алматы қалалық соты аппеляцияны қараусыз қалдырды. Енді «Алматы жылу жүйелері» күзгі-қысқы кезеңде температуралық режимді сақтамағаны үшін тұтынушыларға жылумен жабдықтаудың құнын 49,4 млн теңгеге қайта есептеу туралы шешімді орындауы қажет», — делінген хабарламада. Серіктестік алдағы мамыр айында тұтынушылардың түбіртектеріне қайта есептеу жүргізуі қажет.

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...

Слышать людей, действовать вместе

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИЗВАЛ НОВЫЙ КОНСТИТУЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ ХАЛЫҚ...

Уголовно-исполнительное право: проблемы и пути их решения 

ИЗВЕСТНЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЮРИСТ, ПРОФЕССОР КАФЕДРЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА И УГОЛОВНОГО...