Алматы жастарының таңдауы — комьюнити орталықтар

Алматы қаласында комьюнити-орталықтар жастарды біріктіретін заманауи кеңістіктер ретінде қарқынды дамып келеді. Бүгінде бұл орталықтар білім алу, шығармашылықпен айналысу, өзін-өзі дамыту және қоғамдық белсенділікті арттыруға арналған маңызды платформаларға айналды.

Қаланың барлық аудандарында орналасқан комьюнити-орталықтарда алматылық жастар тегін білім беру курстарына, шеберлік сабақтарына, кәсіпкерлік пен медиасауаттылық бойынша тренингтерге қатысып, волонтерлік жобаларға, экологиялық акцияларға, мәдени және спорттық іс-шараларға белсене араласуда. Мұнда жастардың soft skills дағдыларын дамытуға, бастамаларын қолдауға және әлеуметтік маңызы бар жобаларға тартуға ерекше көңіл бөлінеді.

Комьюнити-орталықтар жастар, сарапшылар және қалалық құрылым өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналуда. Кездесулер, форсайт-сессиялар мен ашық талқылаулар барысында жастар Алматының дамуына қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, стартап жобаларын таныстырып, қалалық күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуда. Бұл тәсіл жастардың әлеуетін ашумен қатар, оларды қаланы басқару үдерістеріне тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар волонтерлік қозғалысты дамыту — орталықтардың негізгі бағыттарының бірі. Комьюнити-орталықтар базасында эко-белсенділер, медиа-волонтерлер мен қоғамдық көмекшілер командалары құрылып, олар қалалық сенбіліктерге, профилактикалық рейдтерге, әлеуметтік және экологиялық бастамаларға қатысуда. Бұл жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Заманауи инфрақұрылым, ашық атмосфера және түрлі форматтағы бағдарламалар комьюнити-орталықтарды мектеп оқушылары, студенттер және жұмыс істейтін жастар арасында кеңінен танымал етуде. Мұнда әр жас өз қызығушылығына сай бағытты — креативті индустриялардан бастап IT, спорт пен қоғамдық қызметке дейін таба алады.

Комьюнити-орталықтар желісінің дамуы Алматы қаласының жастар саясатына жүйелі көзқарасын көрсетеді. Бұл – жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы орта қалыптастыру, таланттарды қолдау және белсенді азаматтар қауымдастығын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бүгінде бұл кеңістіктер идеялар туындайтын, әлеуметтік байланыстар нығая түсетін және Алматыны жастар үшін мүмкіндіктер қаласы ретінде танытатын басты тартылыс нүктелеріне айналып отыр.

В Алматы финансовый сектор Казахстана выразил поддержку предстоящему референдуму

В Алматы состоялась встреча представителей банковского сектора и микрофинансовых...

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Алматыда банк секторы мен микроқаржы ұйымдарының өкілдері қатысқан кездесу...

Казахстан задает цифровую повестку: Саудовская Аравия объявила Год искусственного интеллекта

Президент Касым-Жомарт Токаев объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта...

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған...

Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астанадағы №11 қалалық емханада жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіруге...