Алматы жастары жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын тазартты

Алматы қаласында жастар мен волонтерлердің қатысуымен жалғызбасты зейнеткерлерге қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік акция өтті. Іс-шара барысында белсенді жастар бірнеше тұрғын үй ауласын тазалап, аумақты ретке келтіріп, қарт адамдарға күнделікті тұрмыста нақты көмек көрсетті.

Акцияға комьюнити-орталықтардың резиденттері мен еріктілер қатысып, аула тазалау, қоқыс жинау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бастаманың басты мақсаты — аға буын өкілдеріне қамқорлық таныту, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

«Біз осындай игі бастамалар арқылы қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты күшейткіміз келеді. Әрбір тазаланған аула –үлкендерге көрсетілген шынайы қамқорлықтың белгісі», — деді акцияға қатысқан волонтер Данияр Арғынбеков.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, түрлі әлеуметтік санаттағы азаматтарға қолдау көрсету бағытында тұрақты түрде ұйымдастырылады.

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған...

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген...