Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті Кемел Тоқаев рухына тағзым етуге арналған патриоттық іс-шара өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен Кемел Тоқаев атындағы саябақта патриоттық бағыттағы іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ҚАЖ департаментінің жеке құрамы, ардагерлер, «Кемел Тоқаев» атындағы қайырымдылық қорының өкілдері, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшелері, сондай-ақ «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі бөлігі «Жас сақшы» кадет сыныбының қатысуымен шырша көшеттерін отырғызу акциясына арналды. Аталған бастама ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, жас буынның отансүйгіштік рухын және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды.

Салтанатты рәсім барысында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің рухына тағзым ретінде Кемел Тоқаев мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Қатысушылар бір минут үнсіздікпен қаза болған қызметкерлерді еске алды.

Бағдарлама аясында қатысушыларға жазушы Кемел Тоқаевтың шығармалары желісі бойынша театрландырылған қойылым ұсынылып, танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Рысбек Тургумбаев «Жас сақшы» жобасының тәрбиелік маңызына тоқталды.

– «Жас сақшы» кадет сыныбының қатысуымен өткізілетін мұндай іс-шаралар жас буынның бойында Отанға адал қызмет ету, заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді, – деді департамент бастығы.

Іс-шара соңында қатысушылар Кемел Тоқаев музейін аралап, тарихи-танымдық материалдармен танысты.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...