Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің құрама командасы республикалық волейбол турнирінің жүлдегері атанды

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен аумақтық департаменттердің қызметкерлері арасында республикалық волейбол турнирі өтті.
Еліміздің барлық өңірлерінен келген командалар қатысқан жарыста Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің құрама командасы жоғары ойын деңгейін көрсетіп, тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Турнир барысында команда ұйымшылдығымен, өзара сенімімен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленді. Әрбір ойында қызметкерлер кәсіби даярлықпен қатар, спорттық шеберлік пен командалық бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша №57 мекемесінің режим бөлімінің жедел уәкілі, әділет кіші лейтенанты Даркенбаев Руслан Ахметқалиұлы үздік ойын көрсетіп, «Үздік шабуылшы» номинациясына ие болды. Бұл марапат оның жоғары шеберлігі мен команда жеңісіне қосқан елеулі үлесінің нәтижесі болды.
Қылмыстық-атқару жүйесінде дене даярлығы мен салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын шыңдап қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің құрама командасын жоғары жетістігімен құттықтаймыз. Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...