12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛМАТЫ ВОЛОНТЕРЛЕРІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ӨТКІЗУДЕ

Алматы волонтерлері жастар арасында, азаматтардың қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыруға, жауапкершілік қалыптастыруға және қатысуын кеңейтуге бағытталған түсіндірме жұмыстарын өткізуде. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараларға волонтерлер, жастар ұйымдарының белсенділері, қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Бағдарлама барысында эвакуацияның үлгілік элементтері көрсетілді, өрт, жер сілкінісі және басқа да қауіптер кезінде алғашқы әрекет ету нұсқаулықтары берілді, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмдері талқыланды.

Қатысушылар қала тұрғындарын қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтауға, тұрмыста және көшеде мұқият болуға, азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуге және төтенше жағдайлар туындаған кезде дер кезінде әрекет ету қажеттілігіне шақырды.

«Мұндай жобалар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, практикалық дағдыларды дамытуға және халықтың ықтимал тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді», — деді іс-шара қатысушысы, волонтер Асем Газез.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастарды тарту төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарады, ал осындай акцияларды жүйелі түрде өткізу қоғамның техногендік және табиғи сипаттағы қауіптерге төзімділігін арттырады.

Әлібек Қуантыров: Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту

Бүгін Астанада KGIR‑2025 алаңында «Логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлік...

Жанара Берікқызы: «Нарық Қазақстанды тұрақты өсімі бар, сенімді серіктес ретінде қабылдап отыр»

Елімізде сыртқы факторларға тәуелділікті азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға...

KGIR-2025: Астанада Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтті

Бүгін Астанада Қазақстанның негізгі инвестициялық форумына айналған KGIR-2025 –...