Алматы волонтерлері ТЖМ ардагерлерін Азаматтық қорғаныс күнімен құттықтады

         1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні  Алматы қаласының волонтерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлерін құттықтап, олардың ұзақ жылдық еңбегіне және халықты қорғау ісіне қосқан баға жетпес үлесіне алғыс білдірді.

         Волонтерлер ТЖМ ардагерлерін арнайы құттықтап, олардың ерең еңбегі мен батылдығына ризашылықтарын білдірді, естелік сыйлықтар мен құрмет белгілерін табыстады. Бұл азаматтар өз өмірлерін төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдарды қорғау және жас ұрпақты құтқару ісіне үйретуге арнады.

         Алматының волонтерлері әрдайым қауіпсіздік саласында қызмет еткен жандарды қолдайды және олардың кәсібилігі мен ерлігінің арқасында қаншама адамның өмірі мен денсаулығы сақталғанын еске салады.

         Акцияға қатысушылардың бірі, волонтер Байғабыл Ельдар, өз әсерімен бөлісті:
«Біз көбінесе құтқарушының жұмысы қаншалықты үлкен күш пен батылдықты талап ететінін ойлай бермейміз. ТЖМ ардагерлері – өз өмірін басқаларды қорғауға арнаған жандар. Оларды құттықтап, әңгімелерін тыңдау және алғыс айту – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл – олардың зор еңбегінің аз да болса өтеуі».

         Бұл шара ұрпақтар арасындағы байланысты сақтаудың және қауіпсіздік үшін жанын салған жандардың еңбегін елеудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Алматы волонтерлері ардагерлерді қолдауды және олардың ерлігін халық жадында сақтауды жалғастыра береді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...