Алматы волонтерлері 100-ден астам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап кино көрсетілім ұйымдастырды

Алматы қаласында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ерекше әрі әсерлі шара өтті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында 100-ден астам тәрбиеленушіге арнап киноға бару ұйымдастырылды. Балалар отандық туындыны көріп, шынайы эмоциялар мен қуанышты сәттерге бөленді.

Жобаның мақсаты – балаларға тек сыйлық емес, ең бастысы – қамқорлық пен көңіл бөлу арқылы жылулық сыйлау, оларды қоғамның бір бөлшегі екенін сезіндіру. Волонтерлер мұндай шаралардың маңыздылығы материалдық көмектен кем емес екенін атап өтеді.

Жобаның еріктісі Шамши Құдайберген өз ойымен бөлісті:

«Біз үшін мұндай шаралар материалдық көмектен кем емес. Бұл – эмоция, бұл – шынайы көңіл бөлу. Балалардың күліп, мәз болып, фильмнен кейін әсерімен бөліскенін көру – біздің басты мақсатымыздың орындалғанын білдіреді. Әр бала — маңызды, және біз соны көрсеткіміз келеді».

«Әлеуметтік шеберхана» жобасы алдағы уақытта да балалар үшін түрлі игі шараларды жалғастыра бермек. Алда – танымдық экскурсиялар, шеберлік сабақтары, актерлермен кездесулер және тағы да басқа іс-шаралар жоспарланған.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...