Алматы волонтерлері «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балалар үйлерінде сенбілік өткізді

Алматы қаласында  «Әлеуметтік шеберхана» жобасы жалғасып жатыр. Аталған жоба аясында белсенді жастар балалар үйлерінде тұрақты түрде сенбіліктер өткізіп, аумақты таза әрі жайлы етуге өз үлестерін қосып келеді. Кезекті сенбілік барысында волонтерлер балалар үйінің аулаларын қоқыстан тазартып, ойын алаңдарын ретке келтіріп, жасыл желекке күтім жасады.

Бастаманың басты мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Волонтерлер аумақты тазалап, ағаштарды әктеп,  мекеме қызметкерлеріне шаруашылық істерде көмек көрсетті. Бұл — бір реттік акция емес, жүйелі түрде өткізіліп отыратын, қамқорлық пен мейірімділікті насихаттайтын әлеуметтік бағыттағы тұрақты жұмыс.

«Балалар таза алаңға шығып, қуанышпен ойнап жүргенде, осының бәрі бекер емес екенін түсінесің. Біз тек тазалықпен айналысып жатқан жоқпыз, біз оларға мейірім мен қамқорлықты көрсетіп келеміз. Мұндай іс-шаралар бізді де тәрбиелейді», – дейді жобаның волонтері Аяулым Сәрсенова.

«Әлеуметтік шеберхана» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, жастарды әлеуметтік маңызы бар істерге жұмылдыруға бағытталған негізгі алаңдардың біріне айналды. Мұндай игі бастамалар волонтерлік мәдениетті қалыптастырып, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге жастардың белсенді араласуына жол ашады.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...