12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы» телеарнасы «ДиНаЗаур» жаңа комедиялық сериалды көрермен назарына ұсынады

Бұл Динара, Назым және Зауре есімді үш құрбы жайындағы ситком. Олардың оқиғасы бала кезден басталады. Ауладағы балалар оларды «DiNaZaur»  деп мазақтайды. Үш құрбы мұны тоқтатуға шешім қабылдап, бұзақыларды жазалайды. Содан кейін бір-бірін ренжітпеуге серт береді. Уақыт өте келе қыздардың достығы нығая түседі.

Динара – тұрмыстағы келіншек, үш баласы бар. Күнделікті күйбең тіршілік пен үй шаруасынан өзіне көңіл бөлетін уақыты жоқ. Өміріндегі қиындықтарға қарамастан, ол өз өміріне шағымданбайды, керісінше бақытты. Өйткені өмірдегі ең қымбат дүние отбасы деп түсінеді.

Назым – ұлы бар жалғысбасты ана. Ерлер қауымына көңілі қалған. Ресторатор қызметін атқарады.

Зәуренің — арманы бар, ол  – «ақ боз атты ханзада» кездестіргісі келеді. Жолында түрлі жігіттер жолығады, бірақ ешқайсысы көңілінен шықпайды. Құрбылары бұл мәселені өз қолына алып, көмектесуге шешім қабылдайды.

Жанаргүл Жаныаманова, актриса:

  • Бала-шағамен үйде отырған, күнделікті үйдің шаруасынан шаршаған әйелдің образын сомдаймын. Күйеуі таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Күйеуінің назарын аудару үшін неше түрлі қылықты ойлап табады. Үш баламен отыруы менің өміріме ұқсас. Бірақ басқа сериалдағы рөлдеріме еш ұқсамайды. Сол үшін де маған қызық болды. Қандай сын, қандай пікір айтылады екен деп күтіп жүрмін. Тіпті, қобалжып жүрмін десем болады.

Ажарлым Мағзұм, актриса:

  • Маған менің кейіпкерімінің еркіндігі жақын. Рухы мықты, қиыншылықтан қорықпайтын және тік мінезділігі де бар. Мен бұл рөлді жеңіл алып шықтым. Өйткені маған ұқсас образ.

Ұлболсын Шалқарова, актриса:

  • Телехикаяда Зәуре есімді аруды ойнаймын. Менің кейіпкерім, өте ашық, тезірек тұрмыс құрғысы келеді. Өз жолында ол түрлі жігіттерді кездестіреді, алайда барлығынан көңілі қалады. Туынды өте қызықты шыққан деп ойлаймын.

 

Динара күйеуі туралы барлық шындықты біле ме?  Назым күйеуіне оралып, толыққанды отбасын қайта құра ала ма? Әйелдер достығы қаншалықты мықты? «DiNaZaur» телехикаясы нақты өмірге негізделген қарым-қатынас, отбасылық құндылық, тәрбие және шынайы әйелдер достығы туралы әңгімелейді.

«DiNaZaur» тұсаукесері 14 желтоқсанда сағат 20:40 «Алматы» телеарнасында!

 

Шансы на успех 

Построение справедливого общества – главная ценность современного казахстанского общества....

Будущее городских пространств

На днях состоялся международный форум UK Ftre Space, посвященный...

Климатическая повестка страны

По международному сотрудничеству за прошлый год сотрудники министерства экологии...

Поддержка инвестиционных проектов

По поручению Главы государства Правительство через финансовые институты развития...

Черная паутина Часть 13

Летом 2022 года участники ОПГ продолжили поиск квартир, оставшихся...