Алматы тауларындағы заңсыз құрылыс: қанша нысан бұзылды?

Алматы құрылысын бақылау басқармасы қалада қазірдің өзінде қанша заңсыз құрылыс нысаны бұзылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мегаполисте қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша құрылысты, әсіресе таулы аймақтағы құрылысқа бақылауды күшейту жалғасып жатқаны айтылды.

«Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы жыл басынан бері қаланың құрылыс нысандарында 377 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды жоюға 211 ұйғарым берді. 2023 жылы 1074 тексеру жүргізіліп, 634 нұсқама берілді», — делінген хабарламада.

Ведомство былтырдан бастап сотқа құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 206 талап арыз жіберілгенін хабарлады. Оның 100-і бойынша талқылаулар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр. Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев таулы жерде заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған еді. Сотқа заңсыз объект бойынша 45 талап-арыз берілген. Соның 36-сы бойынша бүгінгі күнге басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.

«Жалпы қала бойынша талап қою қызметінің нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, жапсарма құрылыс пен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» мен «KHAN» сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды».

Бұдан өзге қала басшысының бастамасымен заңнамаға инспекциялау шеңберінде құрылыс жұмысын тоқтата тұру мүмкіндігімен құрылыс кезінде бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретін «жедел ден қою шарасы» жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша түзетулер енгізіледі.

Еске салайық, 2022 жылғы маусымда қала мәслихаты әкімдіктің бастамасымен аумақтың функционалдық аймақтарын салудың қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізді. Ол өзгеріс беткейлері 15 градустан асатын учаскелерде құрылысқа тыйым салуды көздейді.

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша, тау бөктеріндегі жерде объектілерді жобалауға азаматтардың өтініші негізінде сол аймақтағы топырақтың инженерлік-геологиялық дерегі беріледі. 2022 жылы 36 нысанның құрылысына рұқсат берілмесе, былтыр – 89, ал биыл – 32.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.

Енді “ГПХ“ рәсімдеуге болмайды: Сенат заң қабылданды

Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады.

Жасанды интеллект университеті биыл алғашқы студенттерін қабылдай бастайды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді.

Мұғалімдерге әлеуметтік желі жүргізу міндетті ме? – Министрлік жауап берді 

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте педагогтердің әлеуметтік желілерді жүргізуіне қатысты мәселеге түсінік берді.

Елімізде табыстың көп бөлігі азық-түлікке жұмсалады 

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың төртінші тоқсаны бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады.