Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде гүл суреттерін бөлісе бастады. Алғашқы бәйшешектерді Іле Алатауының төменгі жоталарынан көруге болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы маңындағы алғашқы бәйшешектің суреті Аlmatizmy парақшасында жарияланды.

«Әр қалада немесе аймақта бәйшешекті басқаша атайтынын байқадыңыз ба? Ресейде — галантус, Қазақстанның солтүстігінде — құндызшөп, ал бізде — Алатау запырангүлі. Барлығы қисынды: олар бірінші болып қар астынан шығады.

Алатау запырангүлі Қызыл кітапқа енген. Бірақ, өкінішке қарай, олар көп мөлшерде жойылып жатыр. Бұл гүлдерді жұлуға болмайды. Қызыл кітапқа енген өсімдікті жойғаны үшін үлкен айыппұл салынады, тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», — деп жазады Almatizmy авторлары.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Алатау запырангүлінің ашылуын Іле Алатау жотасының төменгі белдеуінен көруге болатынын айтты.

«Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Іле Алатауын қоса алғанда бәйшешек әдетте ақпанның соңында, 20-сына қарай гүлдей бастайды. Биыл олар сәл ертерек гүлдеп жатыр, себебі қазір осы кезең үшін ауа райы тым жылы. Бірақ бұл нормадан ауытқыған құбылыс емес», — деді ол.

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...