12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы төңірегіндегі ҮАААЖ 85 пайызға дайын — құрылысшылар

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысы 85 пайызға аяқталды. Бұл туралы «ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар» компаниясының ресми сауалға берген жауабында көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрылысшылардың айтуынша, ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырым болса, оның 50 шақырымына соңғы асфальт қабаты төселген.

«Бүгінде асфальтбетон қабаттарын төсеу жұмыстары мынадай ретпен орындалды:

  • кеуекті асфальтбетон қабаты — 64,27 шақырым;
  • тығыз асфальтбетон қабаты — 64,19 шақырым;
  • модификацияланған полимерлі битуммен қиыршықтас-мастика асфальт қабаты — 50,26 шақырым».

Екі жақты қозғалыстың барлық ені бойынша жұмыс аяқталғаны атап өтілді. Ол тасжолдың бүкіл ұзындығы бойынша аяқталған.

«Ерекшелік — тек 45-тен 47-шақырымға дейінгі учаске. Сондай-ақ, үш жолайрықтың шығаберісіне әлі асфальт төселмеген:

  • ҮАААЖ Алматы — Бішкек тасжолы қиылысында;
  • ҮАААЖ Алматы — Шамалған тасжолы қиылысында;
  • ҮАААЖ Комсомол — Жапек батыр тасжолы қиылысында».

ҮАААЖ салынатын 40 жолайырық пен көпірге келетін болсақ, олардың бәрі дерлік салынды.

«39 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 36 учаскеде асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды.

Жеті жолайрықтың бәрінде жол өтпелерін (жолайрықтан түскен жердегі тасжолмен қосынды) салу жұмыстары аяқталды. Үш жолайрықта өтпелер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған төрт өтпенің құрылысы аяқталды, онда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолайырықтар бойынша жұмыстарды орындау — 90 пайыз.

Жалпы, ҮАААЖ жобасының өзі бүгінде 85 пайызға дайын», — деді компания өкілдері.

«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті

15 қыркүйек күні елімізде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі...

Мекемеде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды

Іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеп шыққан азаматшалардың қоғамға...

Жеке құрамға арнайы қару қолдану тәртібі үйретілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті 79 мекемесінің жеке құрамына...

Парентеральды гепатиттердің алдын алу (В, С және D вирустық гепатиттері)

Парентеральды вирустық гепатиттер - бұл зақымдалған тері және шырышты...