Алматы репродуктивті денсаулықты сақтау мәселесіне көңіл бөліп жатыр

Алматыда жастар денсаулығы орталығынан кеңес сұрағандар көбейіп, әйел адамдарды әртүрлі бағдарламаға тарту жағы еселеп өскен. Алматының денсаулық сақтау Басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен коференциясында осылай деп хабарлады.

«Репродуктивті денсаулықты қорғау – Алматының әлеуметтік саясатындағы ең маңызды сала. 2025 жылғы бірінші тоқсандағы мәліметке қарағанда, отбасын жоспарлау, дәрігерге қаралу мен жастармен жұмыс істеу мәселесінде үлкен ілгерілеу бары байқалды», — деді Жадыра Ахметова.

Спикердің ақпаратына қарағанда, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматы тұрғындарының саны 2 348 096 адамға жеткен. Бұл 2023 жылғы сол уақытпен салыстырғанда 5,6%, 2024 жылғымен салыстырғанда 2,5% көп. Балалардың саны 2,5%, жасөспірімдер жағы 18%-ға өскен.

Әйел азаматтарды ана атануға даярлау жағына да көп көңіл бөлініп жатыр. Босануға әзірлік жағы 2024 жылғымен салыстырғанда 19,1%-дан биыл (жоспар – 48%) 50 %-ға өскен. Бұл әйелдердің дәрігерлік тұрғыда сауаты артып, профилактикалық і-шаралардың нәтиже бере бастағанын көрсетеді.

«Прегравидарлық дайындықпен қамтудың артуы – аналар мен балалардың денсаулығына төнетін қауіп-қатері азайтуға септігі тиетін маңызды қадам. Көрсеткіштің 2024 жылмен салыстырғанда 19,1%-дан 50,8%-ға дейін өсуі жаңа тәсілдердің сәтімен енгізіліп, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жақсарып, әйелдердің ақпараттану деңгейінің артқанын дәлелдейді», — деді Жадыра Ахметова.

Сондай-ақ, Алматыда Жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) — жасөспірімдер мен жастар кешенді медициналық-психоәлеуметтік қолдау алатын мамандандырылған мекемелердің жұмысы да жанданып жатыр. Қалада қазір осындай 14 орталық жұмыс істейді. 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орталықтарға 25 мыңнан астам адам жүгінген, бұл өткен жылдың осы уақытпен салыстырғанда 66%-ға артық.

Сонымен қатар, көмек алатындар көбіне психологтарға (8627 рет), терапевтерге (6063), гинекологтар (5745) мен урологтарға (2225) қаралған.

Орталықтарда қазір 98 маман жұмыс істейді, олардың 60%-ның репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша арнаулы сертификаты бар. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға толық сәйкеседі.

«Алматыда репродуктивті денсаулықты қорғауға бағытталған бастамалар медициналық көмекті ғана емес, сонымен бірге білім беру, ағарту мен психоәлеуметтік саланы да қамтыған. Мұндай қадамдар халық денсаулығын нығайтуға, ата-ана мәдениетін қалыптастырып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға ықпал етеді», — деп түйіндеді спикер.

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...