ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ МЕН ПЕДОГОТАРЫ «ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КУРСТЫ» АЯҚТАДЫ!

2024 жылы 5 маусымда Алматы қаласының Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандары бойынша жұмыс жасайтын демалыс орталықтарының жетекшілері мен педагогтары арнайы  «орталықта тәрбиеленуші жасөспірімдер және балармен жұмыс жасау» бағыты бойынша 2 айлық ауқымды психологиялық  курсқа қатысып, өз мәресіне жеткізді!

Бұл жобаның негізгі мақсаты: Жетекшілердің балалармен жұмыс барысында қарым-қатынас дағдыларын жақсарту және бір-бірімен танысу, сенім, достық қатынастарды құруды дамыту;

Міндеттері: тұлғаның өзін-өзі позитивті қабылдау және әлемді қабылдау дағдыларын қалыптастыру; психикалық энергия бөлуді үйрену және  өзін-өзі бағдарлаудағы тиімді тәсілдер ауқымын кеңейту.

Екі ай бойы 5 офлайн тренинг, 2 онлайн семинар және 10 үлкен практикалық және теориялық жеке тапсырмалар өткізілді.

Тренингтердегі практикалық сабақтардың тақырыптары:

  • «Инклюзивті балалармен интегративті тәжірибелер»
  • «Мектептерде және демалыс орталықтарында үрей мен кибербуллингтің алдын алу»
  • «Балалардың мазасыздығы мен стрессімен жұмыс істеудің психологиялық практикасы» және т.б.

Алмалы комьюнити орталығының психологы, рилив терапевт, ҚР жаттықтырушысының жетекшілігімен және ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш жобаға Алматы қаласының жетекші мамандары мен психологтары шақырылды:

  • Самсонова Н.Ю. — клиникалық психолог, психотерапевт, «Человек года» байқауының жеңімпазы.
  • Новичкова С.Ю. — психология магистрі, нейропсихолог, ҚР қауымдастығының Халықаралық тренер-психологы.
  • Шлебина Д.Р., Исмагамбетова Э. А. – жасөспірімдер психологы, арт – терапевттер.

Марапаттау Алмалы комьюнити орталығының ғимаратында өте жылы және жағымды атмосферада өтті. Барлық қатысушылар 72 сағат көлемінде «Демалыс орталықтарының жетекшілеріне арналған психология негіздері» тақырыбы бойынша сертификаттармен және белсене қатысқандары үшін Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды!

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...