Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы

          Алматы қаласы бойынша 33 Әдеп жөніндегі уәкілдері қызмет атқарады , сонымен қатар Алматы қаласы әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкілдің лауазымы дербес белгіленген.

          ӘЖУ-ге жүктелген негізгі функциялардың бірі мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету болып табылады. 2024 жылдың 9 ай ішінде Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қолдану мәселелері бойынша ӘЖУ-мен түсініктеме беру арқылы барлығы мемлекеттік қызметшілерге 80-нен аса консультациялық көмек көрсетілді.

           Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдарды қайта құру кезінде олардың құқықтарын қорғауға қатысты, зейнетақы мәселелері, этикалық, жұмыс уақытынан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері үстеме жұмыс атқаруы және т.б. мәселелерді көтерді. ӘЖУ-дің түсіндірме жұмыстарымен қызметшілер қанағаттандырылды, консультативтік көмек көрсету және жұмыс нәтижелері бойынша шағымдар болмады.

           Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында ӘЖУ-мен 110-ға жуық профилактикалық іс-шаралар өткізілді, 1300-ден аса мемлекеттік қызметші қамтылды.

           Сонымен қатар, ӘЖУ-мен мемлекеттік қызметшілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданады.

           Мемлекеттік органдардың қызметінде 167 мемлекеттік қызметшінің үстеме жұмысына заңсыз тарту фактілері анықталды және олардың құқықтары демалыс беру арқылы қалпына келтірілді.

           Департаментпен ӘЖУ жұмыстарын үйлестіру тұрақты түрде жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Д. Олжабаев

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...