Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе инвесторларды студенттік жатақханаларды салу және қайта жаңғырту бойынша мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы аясында ынтымақтастыққа шақырады.
Мемлекеттік субсидиялау дегеніміз не?
Мемлекеттік субсидиялау – бұл стратегиялық маңызды салаларды дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдау. Бұл бағдарлама Алматы қаласындағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге бағытталған.
Субсидиялау шарттары:
- Жаңа жатақхана салу (инвестордың жеке қаражаты есебінен):
- Мемлекет 1 орынға жылына 230 АЕК (905 360 теңге) 6 жыл бойы өтемақы төлейді.
- Бар ғимаратты жатақхана ретінде қайта жаңғырту (инвестордың жеке қаражаты есебінен):
- Мемлекет 1 орынға жылына 92 АЕК (362 144 теңге) 8 жыл бойы өтемақы төлейді.
📌 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшері 3 932 теңге деңгейінде белгіленген. (Дереккөз)
Инвесторлар үшін артықшылықтар:
✔ Студенттердің тұру ақысынан қосымша табыс алу мүмкіндігі.
✔ Жатақхана базасында коммерциялық алаңдарды пайдалану мүмкіндігі.
✔ Банктік несиелер бойынша субсидия алу мүмкіндігі.
✔ Қажет болған жағдайда жер телімдерін алу мүмкіндігі.
✔ Құжаттарды рәсімдеу кезінде тегін заңгерлік кеңес және толық қолдау.
Жобалық кеңсе туралы
Студенттік жатақханалар құрылысының тиімді үйлестірілуін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе өз жұмысын жалғастыруда. Оның негізгі мақсаты – студенттік жатақханаларды салу және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны тиімді іске асыруға жағдай жасау.
Жобалық кеңсе іске қосылғаннан бері 120-дан астам әлеуетті инвестор өтініш білдірді, бұл бизнестің бұл бағытқа жоғары қызығушылық танытқанын көрсетеді.
Байланыс ақпараты:
📍 Мекенжай: Алматы қаласы, Байтурсынов көшесі, 22к1, 4-қабат
📞 Телефон: +7 701 528 28 37
👤 Байланыс: Дамир Кутумов, жобалық кеңсе жетекшісі
📢 Инвесторларды Алматы қаласының студенттік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуға шақырамыз!