Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп қызметкерлерге арнап семинар өткізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп қызметкерлерге арнап семинар өткізді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұдан әрі — Департамент) заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады.

Бұл ретте, Департаментпен мемлекетік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырылады.

Ағымдағы жылдың 20 тамызы күні Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойын мекемелеріне баруға тыйым салынғандығы және құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтындығы түсіндірілді.

Кездесу еркін форматта, ашық сұхбат ретінде өткізілді. 

Мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жоғары жауапкершілігімен қатар олардың мәртебесі және құқықтық кепілдіктері  құқықтары да ескертілді.

Қызметкерлер арасында Әдеп талаптарын сақтау бойынша пікір-талас жүргізіліп, қызу талқыланды.

Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілердің киім кию  үлгісі, сөйлеу мәнері, қызметтен тыс уақытта әдептіліктен шықпау мәселелері туралы айтылды.

Сондай-ақ, кездесу барасында Әдеп нормалардың сақталмауы қандай жауапкершілікке алып келетіні туралы Алматы қаласында орын алған нақты кейстер айтылып, себептері мен салдары жан-жақты талқыланды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.   

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы

Лаура Нұргелдіқызы Науқанбай

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...