12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қаласы әдеп жөніңдегі кеңестің 2024 жылғы қызметінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаменттерінің жанында Әдеп жөніндегі кеңестер өз қызметін атқаруда.

Бұл мақалада біз Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері, функциялары және Алматы қаласы Әдеп жөніңдегі Кеңестің 2024 жылы атқарылған жұмысы туралы тоқталатын ьоламыз.

Алматы қаласы Әдеп жөніңдегі Кеңесі өз қызметін «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығы (бұдан әрі — Ереже) негізінде атқаралы.

Ереженің 5 тармағына сәйкес Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу;
  •  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;
  •  әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Сонымен қатар Ереженің 6 тармағына сәйкес Әдеп жөніндегі кеңес негізгі міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау;
  •  мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау;
  •  қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау;
  •  тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау;
  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның, Агенттіктің ұсынымдарын қарау;
  • қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, D-R-1, D-R-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге (бұдан әрі – қызметшілер) қатысты тәртіптік істерді қарау.

Жалпы 2024 жылы Алматы қаласы Әдеп жөніңдегі Кеңестің 11 отырысы өткізілді, онда 51 мәселе қаралды.

Қаралған мәселелердің басым бөлігі немесе 82% профилактиклық сұрақтар құрап, тек 9 тәртіптік іс қаралды.

Қаралған сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарға 210 аса ұсыныстар енгізіліп, олардың орындалу көрсеткіші 100% пайызды құрады.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 24 желтоқсандағы өткен Алматы қаласының Әдеп жөніңдегі Кеңесінде оның 2025 жылға арналған жоспары бекітілді.

Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Нұржан Узбеханов — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы 

Сотрудники УИС провели интерактивную встречу с учащимися среднего звена школы на тему «Өзіңнен баста»

В области Абай сотрудники учреждения, смешанной безопасности, провели интерактивную...

ҚАЖ қызметкерлері мектептің орта буындағы оқушыларымен кездесу «Өзіңнен баста» атты интерактивті кездесу өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, мектеп оқушыларымен қоғамдық...

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға киімдер тікті

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға арналған концерттік бағдарламаға арнап...

Осужденные сшили костюмы для пожилых людей которые живут в доме престарелых

Осужденные сшили костюмы для концертной программы для пожилых людей,...

Алматы қаласында 181 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді

          Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды...