ХХІ ғасырда Алматыдай үлкен мегаполистің шетіндегі ауылдар әлі күнге таза ауызсуға жарымай отыр. Ауыл халқы қар суын ерітіп күн көріп отыр. Ал жергілікті билік мәселені шешуге қауқарсыздық танытып отыр. Кезінде ауызсумен қамтамасыз ету үшін жекеменшікке үй басына 300 мың теңгеден ақша жинап берген тұрғындардың жанайқайын кім естиді?! Мәселеге орай тиісті орындарға сауал жолдадық. Ауыл тұрғындарының құқығы қорғалып, әділдік орнауына күш саламыз.