Алматы облысының тұрғындары қабаған иттің кесірінен төрт түлігінен айырылды

Алматы облысының тұрғындары қабаған иттің кесірінен төрт түлігінен айырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы Жандосов ауылының азаматтары қаңғыған иттен әбден қорқып қалған. Қараңғы түсе қалса, қараша қорасын қымтап, күзетті күшейтеді. Ал мектептегі баласын жолдан тосып алады. Соның өзінде өріп жүрген бұралқы иттер төрт түлікке шауып, тұрғындардың үрейін ұшырған.

– Тек қана терісі мен басы ғана қалған. Ішіндегі сүйегіне дейін жеп қойған ба, білмеймін? Масқара, жаға ұстадық. Біреуі осында, екеуі есік алдында өліп жатыр. Балаларыма да оңай болмады, жылап отыр, – деді Жандосов ауылының тұрғыны Ләззат Жинасанова.

Ауылдағы ағайынның айтуынша, елдімекенде жарығы жоқ, тасы төселмеген көше көп. Жұмысқа жету үшін шақырымдап жаяу жүріп, аялдамаға жетеді. Осы кезде әлгі төрт ақты жануарлар адамға шабатын көрінеді.

– Сағат 5:00-де екі ит қораға атылғысы келіп тұр, қуып жібердім. Біреуі немістің овчаркасы, біреуі ақшыл ит. Төрт немерем бар, қорқамын, – деді Жандосов ауылының тұрғыны Бақыт Төлегенова.

Қарасай ауданында қабаған ит қаптағанын халық жиі айтып келсе де, мәселе шешілер емес. «Өмірімізге қауіп төніп тұр» деген көпшілік, далада емін-еркін жүруден қалған.

– Бос жүрген иттің бәрін иесіз деп айта алмаймыз. Себебі оның иесі де бар. Шалқар, Жандосов, Қайрат ауылдарында да, Қарасай ауданында ит көп. Енді аулауға тырысады. Мәселені республикалық деңгейде қарау керек. Себебі жалғыз біздің өңірде болып жатқан жоқ. Барлық жерде балаға да, адамға да  ит шауып жатыр, – деді Жандосов ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләйлә Әбілқайырова.

– Кінәлі адамға, яғни ит иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Учаскелік инспекторлар құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кінәлі тұрғынмен профилактикалық әңгіме жүргізді, – деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Тұрғындар қабағандардан құтылмайынша, қорқыныш сейілмейтінін айтып отыр. Өйткені өріп жүрген азулылар әлі құрыққа түспеген. Ал жергілікті мал дәрігерлері дәрменсіздік танытып отырған көрінеді. Оның үстіне, маман тапшылығы тағы бар. Сондықтан заң аясында тәртіпті күшейту керек.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.