Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеме басшылығы жеке кәсіпкерлермен Ұлттық ұлан өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында жеке кәсіпкерлердің өндірістік аймағындағы туындаған негізгі проблемалық мәселелер қарастырылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Басты мәселелер қатарында мереке және демалыс күндері жұмысқа шығатын сотталғандарға еңбекақы төленуі, сондай-ақ жұмыс кестесінен тыс уақытқа жұмыста қалған сотталғандарға қосымша жалақы төлеу мәселесі.
Одан басқа, өндірістік аймақтағы көрінбейтін жерлерге қосымша бейнебақылау камераларын орнату, су құбырларына есептегіш орнату, өрт қауіпсіздігі, тыйым салынған заттарды өткізуге жол бермеу мәселелері де көтерілді.
«Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған»,- деп атап өтті мекеме бастығының м.а. Сергей Ким.