Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері аудандарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД № 57 мекеме қызметкерлері облыстың шалғай аудандарында болып, жоғары сынып оқушыларымен және ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен үгіт-насихат кездесулерін өткізді.

Болашақ түлектерге Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының тарихы мен білім беру мүмкіндіктері, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызмет ету артықшылықтары туралы айтылды. Кездесулер барысында оқуға түсу тәртібі, талапкерлерге қойылатын талаптар, оқу және бітіргеннен кейін қызмет өткеру шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Үгіт — насихат шаралары ауылдық жерлерде оқушылардың едәуір санын қамтуға мүмкіндік берді, бұл жастардың құқық қорғау органдары саласында жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...