12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

Алматы облысында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 87 пайызды құрайды, бірінші тоқсанда 338,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде сусындар шығару — 12,2%-ға,  тамақ өнімдері – 8,5%-ға, темекі өнімдері – 22,4%-ға, қағаз және қағаз өнімдері – 20,9%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі – 24,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары – 14,1%-ға, машина жасау өндірісі – 4%-ға ұлғайған. Дегенмен өндіріс көлемі төмендеген аудандар да бар. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов айтты, — деп хабарайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

2022 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ІІ тоқсанға арналған міндеттері туралы баяндама жасаған Ж.Әмірханов облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 5,4 пайызға артып, 229 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты. Өңір экономикасына 106,4 пайыз өсіммен 97 млрд. теңге инвестиция тартылған.

— Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жоспарланған 3 жобаның ішінде қуаты 6 мың тонналық «MK «KazSilicon» металлургиялық кремний өндіру зауыты іске қосылды. 3,9 млрд. теңге инвестиция салынып, 210 жұмыс орны құрылды. Жылдың соңына дейін «Шин Лайн» кәсіпорнының қуаты жылына 11 мың тонна балмұздақ өндіретін зауыты іске қосылады және «Энергия Семиречья» серіктестігінің Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясының құрылысы аяқталады, — деп атап өтті басқарма басшысы. 

Облыста ауыл шаруашылығының дамуына баса мән беріледі. Мәселен, 77,3 мың басқа арналған 120 бордақылау алаңы және 28,0 мың басқа арналған 85 сүт фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылы 14,3 мың басқа арналған 13 бордақылау алаңын және 650 басқа арналған 4 сүт тауарлы фермаларын құру жоспарлануда. 

Құрылыс қарқыны да жақсы. Биыл 1048,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, соның 205,1 мың шаршы метрі бюджет есебінен салынады. Кредиттік — 130,9 мың шаршы метр, жалға берілетін 74,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы, биыл «Нұрлы жер», «7-20-25», «5-10-20», «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша 3937 отбасы тұрғын үй алады, оның ішінде 857 көпбалалы және 701 әлеуметтік осал отбасы бар.

Автокөлік жолдарын салуға және жөндеу, өңірлерді газдандыру, білім беру мен денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет нысандарының да құрылысы мен жөндеу жұмыстары да тұрақты назарда.

Жиын барыcында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының айтарлықтай өсуіне, ұсақ мал басы мен ет өндірісінің азаюына, қылмыстың, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына жол берген, нысандардағы құрылыс жұмыстарын кешіктірген және құрылыс көлемін төмендеткен, басқа да кемшіліктер орын алған аудандардың атына сын айтылды. 

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысынан инвестиция тартудың тиісті көлемін қамтамасыз ету үшін қандай шара қабылдайтындарын, құрылыс басқармасының басшысынан бағаның өсуіне байланысты пайдалануға берілмеген құрылыс нысандарының мәселесі қалай шешілетінін сұрап білді. 

Талдау мәліметтеріне қарағанда, Талғар ауданында әлеуметтік-экономикалық бірқатар көрсеткіштер төмендеген. Қарасай ауданында бюджет түсімі азайған, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық көбейген. Райымбек ауданында мал басының азаюы байқалады. Осы мәселелерге қатысты аудан әкімдерінен жауап алған Қанат Бозымбаев: 

— Осы көтерілген мәселелерге біз екінші тоқсанның қорытындысында қайта оралатын боламыз. Сіздерге жалпы көрсеткіштер белгіленіп, басымдықтар айқындалып берілген. Нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бізде мүмкіндік мол. Барлықтарыңызға қойылған міндеттерді орындау бағытында белсенді жұмыс істеуді және осы жылға арналған жоспарлы міндеттерді орындауды тапсырамын, — деді облыс әкімі. 

Өз тілшіміз,

Алматы облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...