12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысының 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жасақталды

Жетісу өңірінде диспропорцияны қысқарту және халықтың табысын арттыру мақсатында дамудың басым бағыттары айқындалып, Іс-қимыл жоспары дайындалды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сүйенсек, аймақтың 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі жасақталған. Оған жалпы құны 2,8 трлн. теңге болатын, 19 мың жұмыс орнын құратын 289 жоба енгізілген.

Аудандарды біркелкі дамыту үшін жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 94 жоба Талдықорған өңіріндегі жобалар пулына іріктеліп алынды, соның негізінде 6200 жұмыс орны ашылып, кадрлар даярлау ұйымдастырылады.

2025 жылға дейінгі инвестициялық портфельде агроөнеркәсіптік кешен, минералды шикізаттар өндіру мен өңдеу, туризм, жол-көлік транзиті сияқты әлеуетті салалардың жобалары бар.

Облыстың инвестициялық бағдарламаларын толық іске асырудың нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 5%-тен кем болмайды және 35 мыңдай тұрақты жұмыс орны және шағын және орта бизнесте 75 мыңдай жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...