Алматы облысындағы медициналық туризм: облыстық ауруханада 200-ден астам шетелдік пациент емделді

Адам өміріндегі ең құнды нәрсе — денсаулық. Кейде оны қалпына келтіру немесе жақсарту үшін біздің азаматтар басқа елдің мамандарына жүгініп жатады. Ал, бүгін біз сіздерге Қазақстандағы медициналық туризм және облыстық ауруханада шетелдік пациенттерге қандай деңгейде медициналық көмек көрсетілгені туралы айтып береміз.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 2024 жылы 225 шетелдік азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алды. Бұл қазақстандық медицинаға деген сенімнің жоғары деңгейін және біздің мамандардың біліктілігін көрсетеді.

Науқастардың арасында Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қытай және Америка азаматтары болды. Олардың барлығы дәрігерлердің кәсібилігі мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейде екенін атап өтіп, емдеуге риза болды.

Мысалы, Түркиядан келген пациенттің жүрегіне жоғары технологиялық әдіспен ота жасалды. «Мен мұндай сапалы қызмет аламын деп күткен жоқпын және дәрігерлер тобына өте ризамын», — деді ол.

Үндістаннан келген жүкті әйелге (36 апта) дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігі операциясын жасап, нәрестені SIPAP аппаратының көмегімен аман алып қалды. «Мен өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін және белсенді өмірімді жалғастыруға дайынмын, менің балам да өзін жақсы сезінеді», — деді ол.

Пәкістан мен Қытайдан келген пациенттер бізде көрсетілетін медициналық көмекті қолжетімді әрі сапалы екенін алға тартты. Олар әсіресе медициналық қызметкерлердің мұқият қарым-қатынасын атап өтті.

Тіпті Америкадан Алматыға туристік мақсатта келген пациенттер де аурухананың медициналық сервисі туралы оң пікір қалдырды. «Мені қалай қарсы алғанына және маған дәрігерлердің қаншалықты көңіл бөлгеніне таң қалдым. Өкінішке орай, мен велосипедтен құлап қалған едім. Маған сапалы медициналық көмек көрсетті», — деп ойымен бөлісті.

Қазақстанда біз әрбір пациентке сапалы медициналық көмек көрсете отырып, жайлы атмосфера сыйлауға ұмтыламыз. Мұндағы медициналық туризм — денсаулығыңызды жақсартумен қатар еліміздің бірегей мәдениеті мен сұлулығын көруге мүмкіндік береді.
Егер сіз Қазақстанға медициналық турды жоспарласаңыз, біліңіз — біз сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...