Алматы облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

2025 жылдың қортындысы бойынша Алматы облысында 27 360 жас азамат жұмысқа орналасты. «Enbek.kz» порталы арқылы 7 мыңға жуық жас тұрақты жұмыс тапты. Ал «Алғашқы жұмыс орны», жастар тәжірибесі, ұрпақтар келісімшарты сынды бағдарламалар аясында 3900 ден астам адам жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек, «Бизнес бастау» жобасымен өз ісін ашуға ниеттенген 91 жанға 1,5 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары табысталып, «Заңғар сыйлығы» аясында қаржылай қолдау көрсетілді.

«Жасыл ел» жобасы аясында ауыл жастары маусымдық жұмыспен қамтылды. Өңір еріктілері республикалық «Игі істер» марафонында «Ең мейірімді аймақ» атағын иеленсе, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығымен 5 ұйым марапатталды. Волонтерлік қызметті дамыту мақсатында жаңа электронды қосымша дайындалды.Одан бөлек, түрлі форумдар өтіп, белсенді жастар өңірдің түкпір -түкпірінде бас қосты.

Сонымен қатар Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарында жастар орталықтары пайдалануға берілсе, Қонаевта коворкинг орталығы ашылды. Биыл да бұл игі бастама өз жалғасын табады. Ал, Еңбекшіқазақ пен Ұйғыр аудандарында 4 жаңа орталықтың ашылуы жоспарланып отыр.

_Алматы облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының айтуынша, Іле, Талғар және Қарасай аудандарындағы жастар инфрақұрылымы мен жұмыс орындарын дамытуға арнайы жоспар әзірленуде: _

*«Біз 3 жылға арналған арнайы жоспар әзірлеп отырмыз. Әр 9 аудан, 2 қаладан, әсіресе Алматыға жақын орналасқан Іле, Талғар, Қарасай аудандарынан миграция мәселелерін шешіп, сол жердегі тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар, ауылдардағы жастарға арналған инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық береміз»,- деді Мәди Ахметов. *

Айта кетейік, Алматы облысында 35 жасқа дейінгі жастар саны 432 мыңнан асады. Бұл өңір халқының бүгінгі күні шамамен 30%-ын құрайды. Жүзеге асырылып жатқан бастамалар жастардың әлеуетін арттыруға және әлеуметтік белсенділігін күшейтуге бағытталып отыр.

Қазақстанда инфляция төмендеуін жалғастыруда

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып,...

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Тіл – халықтың рухани болмысын, тарихи жадын және ұлттық...