12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 240 жоба іске асырылады

Алматы облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 240 жоба іске асырылып, оларда 27,3 мың жұмыс орны құрылған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне мынадай нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кірген:

— әлеуметтік-мәдени нысандар, бұнда 31,8 млрд. теңгенің 491 жобасы қарастырылған. Оның ішінде білім саласында 21,1 млрд. теңгеге 440 жоба іріктеліп алынған; 38 мектепте күрделі жөндеу, 399 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізіледі, сол қатарда 351 мектептің ішкі дәретханасына қатысты мәселелер шешіледі (1,0 млрд. теңге).

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бұл қатарда 20,0 млрд. теңгелік 79 жоба бар. Соның 12,5 млрд. теңгелік 60 жобасы ауыз су сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

– инженерлік-көліктік инфрақұрылымдар, мұнда 34,2 млрд. теңгенің 547 жобасы бар. Соның 4,1 млрд. теңгелік 19 жобасы аулаларды абаттандыру бойынша, 6,4 млрд. теңгелік 38 жобасы саябақтар мен скверлерді абаттандыру бойынша, ал 6,6 млрд. теңгелік 59 жобада көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылады.

– елді мекендерді абаттандыру, атап айтқанда 17,0 млрд. теңгеге 116 жоба. Соның ішінде аудандардың автокөлік жолдарының көліктік инфрақұрылымын дамытуға құны 34,2 млрд. теңге болатын 547 жоба көзделген. Оның 6,7 млрд. теңгелік 17 жобасы күрделі жөндеу, 23,1 млрд. теңгелік 316 жоба орташа жөндеу, 4,4 млрд. теңгелік 214 жоба ағымдағы жөндеу бойынша.

Сонымен бірге 73,0 мың гектар суармалы жерді айналымға қосу үшін Ақсу, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласындағы суару желілерін және Қаратал, Көксу, Өсек өзендеріндегі плотиналарды қайта жаңғырту жұмыстарына 6,2 млрд. теңге қарастырылды.

Алматы облысында Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 109,2 млрд. теңге бөлінгенін атап өту керек.

Қуаныш Ермекова

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...