12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысындағы балалардың тегін үйірмелерін бюджеттен қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған балалар спорты мен шығармашылығын дамыту жөніндегі жобалар шеңберінде Алматы облысында 2021 жылдың маусым айынан бастап шығармашылық және спорттық үйірмелерге 2 млрд. 540 млн. теңге бағытталып, игерілді. Оған қоса операторлық қызметтерді орындауға жергілікті бюджет есебінен 8 штаттық бірлік бөлінді. Соның нәтижесінде көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік жасалды.  Сондай-ақ індет салдарынан бизнесі тұралаған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілді. 95 мыңнан астам бала қамтылып, 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні спорттық және шығармашылық мемлекеттік тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың artsport.edu.kz порталында 419 жеке кәсіпкер тіркеліп, жұмыс істеуде, 10 658 өтініш қаралып, 3 703-і мақұлданды, балалар саны — 95 389. Тағы да 2 мың өтініш қаралу үстінде, күніне шамамен 150-ге тарта өтініш түсіп жатыр. 
2022 жылдың бекітілген бюджетінен бөлінген 4 млрд. 400 млн. теңгенің бүгінгі күнге 3,1 млрд. теңгесі игерілді. Ай сайынғы жұмсалатын шығынның 2 млрд. 632 млн. теңге екенін ескерсек, жұмыс істеп тұрған үйірмелердің қызметін одан әрі қолдауға биылғы жылдың соңына дейін қосымша 20 млрд. теңге қажет. 

Осыған байланысты осы жылдың 14 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен ваучер беру уақытша тоқталды, ал 2022 жылдың 1 наурызынан бастап өңірде шығармашылық үйірмелерді ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлерге бюджет қаржысының болмауына байланысты қаржыландыру тоқтатылғанны туралы хабарлама жіберілді. 

Бұл мәселені шешу үшін Президент Әкімшілігінің, тиісті министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының және жұртшылықтың  қатысуымен жедел жиын өткізілді. Жиында балалар спорты мен шығармашылығын қаржыландыру тетіктерін енгізу ережелерін жетілдіру туралы өзекті мәселе талқыланды. Бұл саланы жергілікті бюджеттен қаржыландырудың қиындығына байланысты республикалық бюджеттен қолдау қажет. 

«Бұл проблема — барлық облыстарға ортақ мәселе. Мұны өзіміз шеше алмайтын болғандықтан мәселені бірінші болып көтердік, өйткені біздің өңірдің демографиялық өсімі жоғары, жыл сайын 20 мыңдай бала өмірге келеді. Қазіргі кезде облыста 4 пен 18 жас аралығындағы 574 831 бала тұрады. Қалыптасқан жағдайды сараптай отырып, біз өз ұсынысымызды 10 наурызға дейін Президент Әкімшілігінің қарауына жолдаймыз. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі басшылығының ерекше бақылауына алынды», — деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі. 

Алматы облысы әкімігінің баспасөз қызметі

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...