12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысында туристер отырған автобус аударылып кетті: зардап шеккендер бар

Алматы облысында туристер отырған автобус аударылып кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 27 мамырда сағат 10:20-да болған. Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын «Аласа» асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.

Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді.

Орын алған жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген.

Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында.

Президент Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Парламентінің атауын өзгерту туралы ойын айтты.

“Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе“ — Тоқаев сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы туралы айтты.

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты.

Қазақстанда ЖИ-офицерлерін оқыту басталды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алғашқы AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасындағы оқу легінің ашылуына қатысты.

Әскерге кеткендер енді кредит ала алмайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.