Алматы облысында сотталғандар мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің Ұйғыр аудандық пробация қызметі мен аудандық прокуратура бірлесіп есепте тұрған сотталғандармен жұмыс кездесуін өткізді.

Талқылаудың негізгі тақырыбы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстардың қайталануын болдырмау, сондай-ақ сотталғандардың жазаны өтеудің және сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін сақтау мәселелері болды.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері сотталғандарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, пробация қызметінің талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Қайта әлеуметтендіру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік оңалту бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар қылмыстың қайталану деңгейін төмендетуге, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қоғамға қайта әлеуметтенуге ықпал етеді.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...