Алматы облысында сотталғандар арасында Спартакияда өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесінде «Спорт – дін мен рух кепілі» атты сотталғандар арасында V дәстүрлі спартакияда өтті.

Спорттық шараға Алматы облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Асет Ұзақбаев, басқармаға қарасты оңалту орталығының бөлім басшысы Дәурен Жомартұлы, «Yerkin» өнер академиясы төрағасы Даулет Ауданбаев, №57 мекеменің сотталған арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлім қызметкерлері және кәсіби төрешілер қатысты.

Гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес, сонымен қатар футбол, волейбол спорттық түрлерінен өткен жарысқа 100-ден аса азамат қатысып, жүлделі орын алған және үздік танылып, белсенді өнер көрсеткендерге ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар тапсырылды.

Мекеме басшылығы аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта бірлесе өткізетінін жеткізіп, шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...