Алматы облысында сотталған әйелдер «Halloween» атап өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №10 мекемесінде сотталғандар арасында «Halloween» мерекесіне арналған іс — шара өткізілді.

Мекемедегі өнер клубының сахнасында сотталған әйелдер Михаил Булгаковтың «Мастер и Маргарита» және Николай Гогольдің «Вий» атты шығармаларына театрландырылған көрініске қатысты.

Совет классикасындағы атақты және ең алғашқы қорқынышты кейіпкерлер және әртістердің рөлін сомдағандар залда отырған көрермендерге зор ықылас сыйлады.

Сонымен қатар, жасақтар дәстүрге сай Хеллоуин асқабақтарының сайысын өткізіп, қолдан жасалған өнерлерін паш етті.

Іс — шараның соңында залда отырған көрермендер әртістерді ду қол шапалақпен шығарып салды, ал әділ қазылар алқасы өз кезегінде асқабақтар сайысының жеңімпаздарын анықтап, марапаттады.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...